Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
БАҚ үшін Республикалық «Парасатты полицей» конкурсының аяқталуы жөніндегі ақпарат.
21.10.2014
Қостанайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған жыл сайынғы Республикалық «Парасатты полицей» конкурсы аяқталды. Биылғы жылдан бастап көшпелі конкурс еліміздің өңірлерінде өткізіле бастады.

Бұл конкурс ІІМ жүйесінде 2010 жылдан бастап ІІО қызметкерлерінің   Отанға, тілге деген патриоттық рухын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Конкурсқа ішкі істер органдары бөліністерінің 22 команда өкілдері, сонымен қатар ҚР ІІМ оқу орындары және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің командалары қатысты.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә ОРАЗДЫҢ айтуынша, полицейлер арасында дарынды қызметкерлер көп, ал «Парасатты полицей» конкурсы қазақ тілді жетік меңгергендерін көрсетіп қана қоймай, оны өте қызықты етіп жеткізеді.  

-Бүгінгі таңда полицейлердің қазақ тілін қызметте, күнделікті өмірде еркін білу қажеттілігі артып отырғанын Н.Ораз атап айтты.

Конкурс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті. Ұпайлар саны бойынша ақтық сыңға шығатын командалар анықталды.

Крнкурстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

-«Ұйымшыл команда» («Дружная команда») номинациясы бойынша – Атырау облысы ІІД командасы;

-«Өнерлі команда» «Талантливая команда» номинациясы бойынша – Қарағанды облысы ІІД «Алаш айбыны» командасы;

-«Көрермен көзайымы» («Зрительские симпатий») номинациясы бойынша – Маңғыстау облысы ІІД «Аманат» командасы;

-«Үздік капитан» («Лучший капитан») номинациясы бойынша – Қылмыстық атқару жүйесі комитеті командасының капитаны Дархан Берікбай;

-«Тапқыр капитан» («Находчивая команда») номинациясы бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД «Оңтүстік қырандары» командасы;

 

Конкурс жеңімпаздары:

«Бас жүлдені» - Қостанай облысы ІІД «Тобыл тарландары» командасы иеленді.

I орын  – Жамбыл облысы ІІД « Тараз қырандары» командасы;

II орын – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД «15-ші өңір» командасы;

III орын – Ақтөбе облысы ІІД «Серт береміз» командасы;

 

       Командалардың жұмысын білікті әділқазылар құрамы бағалады. Әділқазылар құрамында: Төраға – ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, төраға орынбасары – ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә Ораз, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының бірінші орынбасары Әлия Сапарова,  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі Оразалы Жақсанов, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Журналистер Одағының өкілі,  профессор Ақылбек Шаяхмет, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа-орталығының» Бас директоры Алмас Садубаев.

«Парасатты полицей» конкурсының көшпелі рәмізін  Қостанай облысы ІІД бастығы Тілеген Маткенов  Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД табыс етті.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 

 

 

Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы