Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
БасБастықтың блогы
Бастықтың блогы

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен сіздерді өзімнің жеке блогымда көргеніме қуаныштымын.


Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-қылығымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Барша мемлекеттік органдардың соның ішінде полицияның қызметі халықтың қажетіне жарауы тиіс екенін Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында атап өтті.

Республикамызда, өміріміздің бар саласында орын алған жаңғыртулар мен зор еңбек нәтижесін әркімнің бағалай алары сөзсіз. Олардың ішкі істер органдарына да қатысы бар. Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру өзекті мәселе болып қалады. Президент біздің алдымызға бірқатар міндеттер қойды, олардың шешімі Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал жасайтын болады.

Қоғамымыздың тұрақтылығы мен әлеуеті сіз бен бізге байланысты. Полиция қоғамның ажыратылмайтын бөлігі емес пе. Сіз бен біздің алдымызда бірге атқаратын үлкен жұмыс күтіп тұр.

Блогта Сізбен сұхбаттаса отырып, проблемалардың шешімін тауып, біздің қызметімізді жетілдіру жөніндегі Сіздің ұсыныстарыңызды талқылаймыз. Бұл бүгіндері тәртіп сақшыларына қоғам қойып отырған барлық талапқа жауап беру үшін бізге жәрдемін тигізеді.

Тұрғындардың көмегімен полицияға жүктелген міндеттерді тиімдірек атқаратынымызға сенімдімін.


Құрметпен
Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы!


-----------------------------------------------------------------

 

Тілеген Маткенов: «Реформалар полиция жұмысының сапасын арттырды».

           Халықтың полицияға сенімінің деңгейі өткен жылы біраз өсті оны әлеуметтік сұраулар растайды. Және де бұл өте маңызды табыс, Ел басы – есептердің құрғақ саны емес, осындай көрсеткіш бірінші кезекте тәртіп сақшыларының қызметі сапасын суреттейді бірнеше мәрте атап өтті. Кешенді шаралар арқасында полиция жұмысының сапасын біршама жақсартуға және халық алдында полицияның абыройын көтеруге қол жеткізілді. Әрине бұл заң шығарудағы өзгерістер, кадр жұмысы, әрі ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес. Осы жұмыс қалай атқарылып келді, алдағы уақытта не істеу керек, осы жөнінде біз Қостанай облысының ІІД бастығы полиция генерал-майорі Тілеген Маткеновпен сұхбат жүргіздік.
           -Тілеген Советұлы полиция қызметінде жүргізілген өзгерістер ішіндегі маңыздысы қайсы?
           -Бұндай бағыттар бірнешеу. Біріншіден, ең бастысы, есепке алу, тіркеу тәртібіне деген ұғымның өзгергені. Бұл не берді?  Өңірдегі қылмыс жағдайының шынайы бейнесін көрсетіп, халықтың полицияға жүгінуінде белсенділік артты. Мысалы 2012 жылмен салыстырғанда былтырғы жылы тіркеуге алынған арыз-шағымдардың саны бір жарым есеге артық. Сонымен қатар, тікелей тіркеуге алмау арқылы есептен жасырылған қылмыс саны әжептәуір қысқарды.
           Екіншіден, полицияға кадрларды іріктеу және сапаластыру жұмысы түп тамырымен өзгеріске ұшырады. Өткізілген кезектен тыс аттестаттаудан кейін полиция қызметкерлеріне қойылатын талап ІІД-де бірнеше есе артты.
           Бос лауазымдық орындарға қызметкерлер алу конкурстары баспасөз қызметтерінің, қоғамдық кеңестің өкілдері қатысуымен барынша ашық өткізіледі. Қойылатын талаптың өскеніне қарамастан ішкі істер органдарында қызмет істеуге ықылас танытушылар қатары өсуде. Осындай үрдіспен қызметке 203 жас полицейлер қабылданды. Жасақталмаған бос лауазым былтырғымен салыстырғанда 3,8 % кеміді.
           Үшіншіден, әкімшілік және жол полицияларын біріктіру нәтижесінде әмбебап полицейлердің өмірге келуі.
           Әмбебап полицейлер институтын енгізу қоғамда «жақтас» және «қарсы» болып екі жақты қызу талқылануда. Осы жүйеге қарсылар полицейлер бұдан былай көшедегі тәртіп күзетін қойып, жолда ақы жинаумен айналысып кетеді деп санайды. Нақтырақ айтсақ, «Қазтұтынушыларқадағалау» ұйымының жетекшісі Талғат Әбдіжаппаров осындай пікір айтты. «Әмбебап полицей әмбебап бопсалаушыға айналуы мүмкін» дейді ол.
           -Бұл пікірге әлемнің көптеген елдерінде әмбебеп полицейлер істеп жатқанын дәлелге келтірген құқық қорғаушылардың пікірін қарсы қоюға болады, және де бұл бастама жағымды болып табылады. Аталмыш үрдіспен біз 2013 жылдың қарашасынан бастап қызмет атқарып келеміз. Екі айдан астам уақыт ішінде ақ көзге ілінетін нәтиже бар. Осы эксперимент өткізуге арналған база әлдеқашан әзірлеген болатын. Бүгіндері жол жүру ережесінің сақталуына қадағалау жасау процессі автоматты жүйемен жүзеге асырылатыны құпия емес. Мысалы, фотофиксаторлар көмегімен (облысымызда 5 жыл бұрын орнатылған) жылдамдық тәртібін бұзғаны үшін ғана 18 мың құқық бұзушы анықталды. Өндіріліп алынған айыппұлдың жалпы сомасы 366 миллион теңгені құрады. Егер осы цифрге жедел басқару орталығының камераларымен анықталған құқық бұзушылықтарды қосса, олардың саны 16 мыңнан астам және «Қауіпсіз аула» камералары әдісімен-бұл 5 мыңға жуық, келіп шығары барша құқық бұзулардың 90% полицейлердің қатысуынсыз ақ ашылады.
           Енді әмбебап полицейлер жұмысының нақты көрсеткіштеріне тоқтала кетейін. Олардың қызметі басталысымен ақ нарядтар тығыздығы және жасауыл сызбасы қайта қаралды. Тек облыс орталығындағы автопатруль саны 18-ден 30-ға дейін өсті. Сәйкесінше қозғалыс пен оқиға орнына келіп жету жылдамдығы артты. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері ізін суытпай 146 қылмысты ашты оның 48 кісі тонау, 69 бұзақылық, 13 ауыр қылмыс.
           Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың үлес салмағы төмендеді. Және де, ең бастысы, әмбебап полицейлердің ширақ жұмысы туралы көптеген азаматтар алғыс білдіріп бізге хат жазады.
-Осы хаттардың ішінде Сіздің есіңізде қалғаны?
-Қостанай қаласының тұрғыны Марина СЕКАЛО тонаушының жемі болғаны туралы менің блогыма хат жазды. Оның сумкасын қолынан тартып әкетіпті. «Мен бірден «102» тердім, бірер минут өтер-өтпесте оқиға орнына бірден үш автопатруль келіп жетті» деп жазады ол өз хатында.
           Біздің полицейлер «шаршы» әдісімен жұмыс істейді, қылмыс жасалған аумақты бірден жабады. Нәтижесінде 26 жасар  жұмыссыз, Затобол кентінің тұрғыны қолға түсті. Ұрланған зат тәркіленіп иесіне қайтарылды.
           Тағы да бір хат есімде қалыпты. Жаңа жыл қарсаңында қаланың солтүстік бөлігінде Раяна есімді 8 жасар қыз жоғалды. Ол екі тәулікке жақын жоқ болып кетті, ата-анасы полицияға жүгінген. Оны әмбебап полицейлер тауып берді, қыз бала үйінің жанындағы шөп маясына тығылып жатқан. Сабаққа бармағандықтан үйіне қайтып оралуға қорыққан. Осы мысалдар тәртіп сақшыларының әмбебаптығын көрсетеді.   ,     ????     
           -Жыл аяғында Ішкі істер департаментінде жас полиция қызметкерлерінің слеті өтті. Осы слетте тәлімгерлік пен қызметке бейімделу мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы жұмыс үлгісін әңгімелеп берсеңіз...
           Биылғы жылы ішкі істер департаментінде үміткерлерді іріктеуден басталатын жас толқындармен атқарылатын жұмыс үлгісі әзірленді. Оларға дене күші даярлығынан және теориялық дайындығы тұрғысынан өте жоғары талаптар қойылады. Сұхбаттасудан кейін үміткерлер оқытудан өтіп, лауазымға тағайындалады. Содан кейін олардың әр қайсысына тәлімгер бекітіледі.
           Бұған қоса жыл бойы полицейлер өз салалары бойынша бірнеше мәрте тағылымдамадан өтеді. Облыстық ІІД оқыту орталығының базасында бір жыл ішінде үш мәрте оқыту-әдістемелік жиындары өткізу, оның барысында жас қызметкерлер қызмет бабында қажет заңдар мен құқықтық кесімді актілерді оқитын «ұшқыр әдіс» іске асырылды.
           Жыл аяғында ата-аналары, тәлімгерлері қатысуымен жас мамандардың слеті өтті.
           Қостанай облысының ішкі істер органдарында жас мамандарға тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан 151 тәлімгер және ІІО ардагерлері қатарынан 18  тәлімгер жетекшілік жасайды. Бұнымен қатар 93 ардагер полиция бекеттеріне бекітілген, олар ІІО қызметкерлері қызмет атқару барысында қажетті практикалық көмек көрсетіп отырады. Бұлар өздерінің тікелей қызметтік борыштарын атқарумен қатар, үзеңгілес жүрген жас ұландардың кәсіби қалыптасуына, рухани өсуіне көп күш жұмсайтын әрі ақыл-кеңестерін беріп отыратын тәжірибесі мол, саналы тұлғалар.
           -Құқық қорғау саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар өңірдегі қылмыс жағдайына қандай ықпал жасады ?
           -статистикалық тіркелген қылмыстар саны 13% сыртында өскенін айта кету қажет. Бұл есепке алу тіркеу тәртібіне көқарасты өзгерту нәтижесі деп қайталап айтамын.
           Полицияның жұмысындағы тиімділіктің қалай өзгергенін айтсақ онда статистика келесідей. Былтырғы жылы тергеп сотқа өткізген қылмыстық істің саны жоғары. Бұл басты көрсеткіштің бірі деуге болады.
           Өткен жылы аса ауыр қылмыстар, қарақшылық жасау қылмыстары азйды, кісі тонау қылмысы төмендеп, оларды ашу жоғарлады.
           Қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыс жасау азайды. Жасөспірімдер қылмысы төмендеді, заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі заттары көбейді.
           -ішкі істер органдарындағы реформалардың басты міндеттерінің бірі болып әманда өз қатарымыздағы сыбайластықпен күрес тұрады...     
           -полицейлер ведомствосы өзгелерден ештеңемен дараланбайды. Бұл ведомствода осы қоғамда оның барша проблемаларымен өмір сүріп жатқан адамдар еңбектенеді. Сол проблемалардың ішіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысы ең қауіптісі. Сондықтан оның белең алуын тұқырту үшін бірқатар өте байыпты шаралар қабылдануда.
           Осы қылмыспен күрестегі басты факторлардың арасындағы біріншісі жариялылық. Сондықтан полицейлер үстінен жүргізілген сот процестері бүгіндері ашық өтеді. Былтырғы жылы осындай 5 сот мәжілісі жүргізілді.
           Сонымен қатар тәртіптік комиссияның 27 мәжілісі соның ішінде аудандарға шығумен 3 өткізілді. Комиссияның ұсынысы бойынша 100 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 10 қызметкер лауазымдарынан айырылды.
           Егер осы цифрларды жеке құрамның санына шақсақ полиция сыбайластыққа ұрынған деп айту негізсіз екенін түсінуге болады. Иә, шешімін күтіп тұрған мәселелер бар, біз оларды шешіп отырамыз.
           Полицейлердің басым бөлігі кәсіби шебер екені бесенеден белгілі. Барша басшылардың алдында тұрған міндет ол жаңа талаптарға сай келмейтін қызметкерлермен қош айтысу. Ал заңды аттаған қызметкерлерге кешірім күту тіптен мүмкін емес.
           Бірақ сонымен қатар Қостанай облысының ІІД көптеген қызметкерлері елге танымал болып, ерлік жасап ерекшеленді. Мысалы, Қостанай облысының ІІД жылдам ден қою арнайы жасағының қызметкерлері полиция капитандары Төлеген ОМАРОВ, Олег АЗАРОВ және полиция аға лейтенанты Руслан АБЕУОВ 15 наурызда 45 жасар әйелді өрттен алып шықты.
           Ерлік көрсеткен барлық 8 қызметкерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен «Ерлігі үшін» медалімен наградтау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ-не құжаттар жіберілді.   
           Кез келген полиция қызметкері азаматтардың өмірін арашалау мен  қатер таңдауы тұрса ойланбастан көмекке ұмтылады. Бұл жөнінде тек жиірек айту керек.                     

Тлеген Маткенов: «Прогресс дүние танымның, оның ішінде полицейлердің де стереотипін өзгертеді»

Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылдың қаңтарындағы жыл сайынғы Жолдауында құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қайта аттестациядан өту бастамасы аяқталып келеді. Қазір біз оның нәтижесін және қажетті қай бағытта жұмыс істеу керектігін көріп отырмыз, нақты айтқанда, дене шынықтыру және ату дайындығын күшейту және тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін көтеру керек дейді, - Қостанай облысы ІІД бастығы полиция генерал-майорыі Тлеген Маткенов.

Қостанай облысының Бас полицейі қазіргі уақыттың мәселелері туралы, онымен қоса «әр адам өзінің кәсіби және лауазымдық қызметіне тәуелді болмай, өзінің ішіндегі инерцияны жеңіп шығуға жұмыс жасауы қажет деп пайымдайды. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: жалпы еңбекке қоғамдағы жиырма қадам» туралы өзінің мақаласында айтып кетті.

Тлеген Маткенов, қайта аттестациядан өту тақырыбына оралсақ деп, өз ойын әрі қарай жалғастырады, аттестациядан өту барысында полиция қызметкерлері қайта іріктелді (атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты 164 полицейге жұмыстан кетуге ұсыныс жасалды), олар өздерінің белсенді азаматтық көзқарасымен ойлау стереотипін өзгертуге, білім алумен шұғылдануға ұмтылмады.Президент өз мақаласында атап өткендей, әлем қазір қатты өзгерген, жалпылама еңбектің қоғамы - қазіргі жаңа тренд болып саналады. Осы постулаттардан полицейлерге де қатысты көптеген бағыттар пайда болады. Заңнамалық деңгейдің өзгеруі, электрондық формат кеңістігіне көптеген құқыққорғау қызметтерінің ауысуы, қазіргі толып жатқан өзгерістер алға жылжуды міндеттейді.Қазір кез-келген азамат интернет арқылы арыз беруге және оның барысын бақылап отыруға мүмкіндігі бар.Осы жаңашыл өзгеріс 80% астам қылмысты жасырып қалу санын төмендетті.

Осындай себептерге байланысты, қылмыстың статистикалық өсуін криминагендік жағдайдың нашарлауымен байланыстыруға болмайды. Қостанай облысында жыл басынан кісі өлтіру және қарақшылық қылмыстар санының 20 % төмендегені туралы фактісі мысал бола алады.

Тлеген Советұлы, әнгімеңізді жалғастыра отырып, жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялардың пайдалануы туралы айтып берсеңіз. «Электрондық үкімет», бұл тәжірибелік тапсырманы жүзеге асырудың орындалуын шешудегі басты қадам


  • Біздің сайт «Қостанай облысы ІІД хабарлайды» өзінің форматын түгелдей өзгертті. Бұрынғы қолайсыз құрылымның орнына, Интернетті пайдаланушылар, іздеп табуып алған креативті өнім деп қабылдауда. ІІД бастығының блогі тиімді жұмыс жасауда, біз күнделікті интернет пайдаланушылардың 10-нан астам сұрау-сауалдарына жауап береміз. Қазір азаматтармен сұхбат интерактивті кеңістікте жүреді. Мысалы, «Участок» туралы операцияның нәтижесін интернет-конференция шеңберінде хабарладық, сонымен бірге аттестация қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз. Осының барлығы, сөз жоқ, шын ықыласпен ашық сұхбат құруға және біздің имиждге әсер етеді.
  • Қазақстанда 5-ші қазан күні қылмыстық іздестіру жұмысына 94 жыл толады, полиция биыл Мемлекеттің Тәуелсіздгінің 20 жылдығын атап өтті. Осы тарихи екі күн ішкі істер органдарының қызметкерлерінің бірнеше ұрпақ-буындарын біріктіреді. Ұрпақ сабақтастығы туралы айтып берсеңіз?
  • Бұрынғы полицейлер деп айтылмайтындығына мен сенімдімін, қазіргі уақытта Қостанай облысының әр қала және ауданның ІІО-да ардагерлер ұйымы жұмыс жасауда және полицейлер өміріне 2 451 ардагер белсенді қатысуда. Оның ішінде 100-ден астамы полиция қызметкерлерінің тәлімгері. Әрбір полиция тірек пункттеріне ардагер бекітіліп қойылған, ол полицейлерге қылмыстардың және құқықбұзушылықтардың ашылуына және алдын алуға көмектеседі.
  • Бұрынғыша, біздің ардагерлер сап қатарында қалуда, олар құқыққорғау саласында болып жатқан жаңалықтардың барлығынан хабардар және жас ұрпақты тәрбиелеумен айналысады. Олардың баға жетпес тәжірибесі әрқашан талап етілуде. Ардагерлер ұйымының ең белсенді араласатын мәселесі – полиция арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Өткізілген жұмыстардың арқасында, оның ішінде ардагерлердің көмегімен биылғы жылы сыбайдас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың саны 42%-ға азайған.
  • Біздің әңгімеміз полицейлердің заңдылықты және тәртіпті сақтау мәселесіне ойысты.
  • Қостанай облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметі, ардагерлер кеңесінің жұмысы, офицерлік жиындар, полицейлердің қызметі- осының барлығы полиция қызметкерлерін тәрбиелеу процесімен қатар, қылмыстың байқалған түрлеріне қарсы тұрудың құрастырушы бір бөлігі болып саналады. Осы жылы полицейлермен жасалған қылмыс 45,5 % -дан астам санға төмендеді. Мысал келтірсем, Қостанай облысы ІІД ЖПБ-ның тіркеу-емтихан тапсыру бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары подполковник Бисембаев лауазымдық қызметін асыра пайдаланғаны үшін бас бостандығынан айрылып, 7 жылға сотталды, бұл процесс туралы көп жазылды. Қазір Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қаржы полицейлерімен бірлесіп, оның қылмыстық қызметіндегі қосымша эпизодтарды анықтауда. Сотталған ресми құжаттарға автокөліктер қозғалтқышының нақты көлемі азайтылған мәліметтерді енгізіп отырғаны анықталды, соның қорытындысында мемлекеттік бюджетке түсетін салықтың есептелмей қалған сомасы бір миллионнан астам теңгені құраған. Қазіргі уақытта осы қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасуда.
Осыған ұқсас мәселелер бойынша азаматтардың көптеген жүгіну үрдістері байқалады. Мысалы, Қостанай облысы ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына жиырмадан астам хабарламалар түскен. Нәтижесінде 5 полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тлеген Советұлы, Сіз көп жылдық еңбек өтіліммен және оперативтік қызметкер болумен қатар, ұялы телефондардың көмегімен қылмыстарды ашу әдістемесінің авторысыз...
Қазіргі уақытта аса ауыр қылмыстардың 50 % астамы ұялы телефон арқылы ашылады. Осы жылы Қостанай қаласында 30-жастағы әйел кісі тоналды. Ол үйінде болған, бетперде киген, қолдарында мылтықтары бар үш адам кіріп келген. Алтын бұйымдарын және бір миллион теңгені алып кеткен. Жалпы шығын екі жарым миллион теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, ұялы телефондарға қызмет көрсететін базалық станцияларды тексеру кезінде, күдіктілер анықталды және ұсталды. Тағы да бір мысал, тамыз айында ұялы телефонның көмегімен біздің қызметкердің қастандықпен өлтірілгені ашылды.
Тергеу-іздестіру қызметкерлерінің мерекесі күні қызметтік жұмыста ерекшеленген жақсы қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
Бүгін, Қостанай облысы ІІД-не жылдың басынан қылмыстарды жедел түрде ашқаны, қылмыскерлерді ұстағаны үшін азаматтардан полицейлерді марапаттау туралы 28 өтініш-жүгінулер келіп түскен, бұл полиция жұмысының жақсы көрсеткіш фактісі болып табылады. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің 88-і қолдаухатпен марапатталды. 488 қызметкер нақты қылмысты ашқаны үшін марапатталды және оның ішінде біразы оперативтік қызметкерлер. Анық қылмыстар көбіне «ізі суымай» ашылады. Айғақ жоқ жағдайда қылмысқерді әшкерелеу жедел-іздестіру тобының жұмысы. Бұл ауыртпалықтың бетке ұстар қызметін – іздестіру- тергеу өзіне жүктейді.
Осы күні барлық жедел іздестіру қызметкерлерін жақсы тілекпен құттықтағым келеді. Қалыптасқан іздестіру-тергеудің дәстүрлерін жалғастырып, жоғары атақты абыроймен көтеріп жүруге тілектеспін.


Тлеген Маткенов: «Қызметті адал және жауапкершілікпен атқару қажеттілігі полицейлердің көбіне түсінікті»
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің қоғамның жеткен жетістігінің фундаменті болып қаланды. Оның негізгі әлеуеті азаматтардың бас бостандығының және құқығының қорғалуына бағытталған. Елімізде қазір мемлекеттік тиімді механизмдер құрылған, олар конституциялық заңдылықты қамтамасыз етеді.
Конституция айналасында заңнама дами береді, ішкі істер органдарының жұмысын қайта құру негізі болып табылады. Елбасы атап өткендей, соңғы үш жылда құқыққорғау органдары мен арнайы қызметтерде бірнеше маңызды реформалар өткізілді. Бұл мемлекеттілікті нығайтудың маңызды қадамы.
Өңірде полицияның жұмысы қазір қалай өзгеріп жатқаны туралы Қостанай облысы ІІД бастығы полиция генерал-майорі Тлеген Маткеновтен сұрадық.
  • Тлеген Советович, бүгін полиция қызметінде жаңару басымдылығы жүріп жатыр. Жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында ведомствоаралық кедергілерді жоя алдыңыздар ма?
  • Бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізілуде, оның нәтижесі қазір бағалануда. Жоспардан тыс өткізілген аттестация, жаңа кадрлық резервті қалыптастыру, есеп-тіркеу тәртібіне қатысты көзқарасты қайта қараудың арқасында біз жұмыстың сапалы да жаңа деңгейге шығуына, бұл жерде басымдылық статистикаға емес, тұрғындардың сенім деңгейіне берілген.
«Қоғам үшін полиция ашық» - бүгін ол жай фраза ғана емес, оның артында іс-әрекеттер тұр. Мысал келтірсем, қазір ІІД-де БАҚ, Қоғамдық кеңестің өкілдерінің қатысуымен бос лауазым орындарына барлық конкурстарды ашық түрде өткіземіз. Бұл процедура барынша мөлдір. Әр адам бос лауазымдық орынға өзін үміткердің деңгейінде көре алады, бұл жас мамандарды анықтауда жақсы көмектеседі. Бұндай формат полиция қызметіне бақылау жасау, қоғамдық кеңес өкілдерінің жұмыс нәтижесіне қатысты ұсынымдар шығару, ал үміткерлердің дайындық деңгейі арта түсу жағынан тиімді. Бұл полиция лауазымына жақсының жақсысы үміткер бола алады.
Тағы да бір мысал, Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан -2050» Стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауымен жаңа форматта жұмыс істейтін департаментте ақпараттық-үгіт-насихат тобы құрылды. Аудандық орталықтарға және алыс ауылдарға келіп, 66/97 әскери бөлімнің әскери духовой оркестрімен бірлесіп,өз күшімен дайындаған концерттер көрсетіледі, ауданның белсенділерімен кездесулер, жергілікті жердің азаматтарын қабылдау өткізіледі, полицияның белсенді көмекшілері марапатталады.
Осындай сапарлар кезінде полиция-қоғам серіктес моделін өзара әрекеттестіретін жаңа формалар пайда болады. Аудан тұрғындары бұл жұмысты жаңаша бағалауда және ауыл тұрғындарының пікірлері бойынша бұндай іс-шаралар полицейлердің имиджін көтеруге бағытталған.
  • Жүргізіліп жатқан реформалардың басты мәселесі – полицейлердің өздерімен заңдылық қалай орындалуда...
  • Жұмыстың басымдылығы- осы аспектілер. Соңғы кездегі барлық полицейлерге қатысты сот процестері баспасөз үшін ашық көрсетілуде. Бұл не береді? Сыбайлас құқықбұзушылықтар деңгейі түскен. Жыл басынан қарамағындағы қызметкердің теріс қылығы үшін 34 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл былтырғы жылға қарағанда 2 есе көп. Қостанай облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының араласуымен фактілердің жартысынан көбі ашылған.
  • Қазір облыста криминалдық полиция және есірткі саудасымен күресу бойынша бөліністерінің 11 экс- полицейіне қатысты сот процесі басталмақшы. Осы қылмыстардың анықталуына ішкі қауіпсіздік қызметі араласуда. Жүйелі түрде қылмыстар жасалынып тұрған. Жеке құрамның қатысуымен соттың үкімін ашық түрде жариялау туралы ІІД-і өтініш білдірді.
  • Менің ойымша, қазіргі таңда, полицейлердің көбі қызметті адал және жауапкершілікпен атқаруға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заманауи талаптарына сәйкес болу қажеттілігін түсінген сияқты.

  • 1829 жылы Роберт Пилмен құрылған, заманауи үлгідегі бірінші полицейі болып, Лондонның астаналық полицейі саналған. Оның негізгі тоғыз принципінің ішінен, жетіншісі: тұрғындармен байланыста болу және тарихи дәстүрлердің өміршеңдігіне сәйкес, полиция – бұл қоғам, қоғам – бұл полиция деп айтылған. Бұл айтылған сөздердің бізге де жақын болуы.
  • Қазір, оның ішінде, көптеген полицейлердің материалды-техникалық мәселелері табысты шешілуде. Қылмыстың ашылуына бұл қалай әсер етуде?
  • Соңғы уақытта полиция жұмысына көптеген инновациялық технологиялар енгізілген. Облыстағы тиімді әрекет ететін жобалардың бірі болып «Қауіпсіз аула» аталады. Облыс орталығының 55 ауласына 60 бейнебақылау камерасы орнатылған, ондағы бейнелерді облыстың ІІД-нің Жедел басқару орталығы және учаскелік полиция пунктіндегі қызметкерлер көреді. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы полиция қызметкерлердің аулада жасалған қылмыстарға және құқықбұзушылыққа тез қимылдауына әсер етеді. Сонымен қатар, ауладағы бейнекамералардың болуының өзі – алдын алу шарасы болып табылады, балалар үшін ата-аналарға қолайлы, жүргізушілер өздерінің автокөліктерінің сақталуына сенімді. Осы жобаның жұмыс істеу уақытында он шақты қылмыстар, мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.
  • Осындай жұмыс, оның ішінде өңірдегі жалпы қылмыстың жағдайына да әсер етеді. Облыста осы жылы тонау, кісі өлтіру, ауыр қылмыстардың жасалу саны аз. Бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың саны төмендеген. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс азайып келеді.
  • Полиция қызметкерлері кәсіптілігінің басты бөлігі – дене шынықтыру дайындығы. ІІД-те бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?
  • Ең қадағалауда тұрған жұмыстар. «Динамо» спорттық кешені жөнделді, регби бойынша команда құрылды, Қостанай қаласында полицейлер арасында өткен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің волейбол бойынша чемпионатында қола медаліне біздің қызметкерлер иегер болды. Республика бойынша Қостанай облысы ІІД-нің волейбол ойнаушылары - ең үздік команда. Тұрақты негізде мини-футболдан турнирлер өтіп тұрады.
  • Кезектен тыс өткен аттестациядан соң, ондағы дене шынықтыруға қойылған нормативтерінің талаптары қатаң болғандықтан, біздің көптеген қызметкерлер спортпен айналысуға көп көңіл бөле бастады. Қазіргі таңда біздің қызметкерлерді стадионда тәртіп сақшылары ретінде емес, спортшы ретінде көруге болады. Бұндай жағымды үрдісті әрі қарай жалғастыра береміз. Менің ойымша, әр адамның үлкен немесе кішкентай өмірдегі жеңісінің кепілі - күнделікті өмір құндылығының бағыт-бағдары Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық парыз, төзімділік, бірлік болып саналады, осы негіздер біздің Ата Заңымызға енгізілген. Қазір дәл осы негізгі заң барлық: құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саланың алға үдемелі қадам жасауын қамтамасыз етеді.
Өзіңіздің сұрағыңызды қою үшін төмендегі үлгіні толтырыңыз:
Сіздің Т.А.Ж.:
E-mail:
Сұрақ:
cуреттің кодын енгізіңіз
Автор: Нурмаганбетова Гульжанат Сериковна 24.02.2014
Қайырлы күн! Тілеген Советұлы. Сізге жазып отырған себебім, осыдан үш жыл бұрын мен ІІБ-де жұмыс істедім кіші сержант болып, қазіргі танда жумыс істемеймін мамандығым заңгер жоғарғы білім 2011 жылы бітіргенмін. Тұрмыс құрған емеспін балам жоқ, енді осы ІІБ-не қайтадан кіруіме болады ма екен менім осы арманым қай жерге болмасын мейлі район не болмаса басқа қалаға орналассам ба деймін көмектесетін ешкімім болмай тұрғаны, Сізге өтінішім қандайда бір көмегінізді беруге сұраймын
Жауап көрсетілсін
Автор: Жунисов Ерсейт Шынтемирович 10.02.2014
Құрметті Тілеген Советұлы! Менің ойымша, құқық қорғау саласының қызметкерлері барынша халыққа қызмет етіп, халықтың жағдайын, халықтың мүддесін қорғаулары тиіс. Алайда, іс жүзінде олай емес. Мен бүгін, яғни 10 ақпан күні сағат 12.00-лердің кезінде Рудный қаласы Ленин көшесінен жол кесіп өткен кезде "погондағы" екі қазақ жігіті менен бірден жеке куәлігімді көрсетуімімді талап етт. Мәселенің мәнісін сұрағанымда, жолды бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда кесіп өттің деді. Ал шын мәнінде олай болған жоқ. Екіншіден олар мені Мира 24-уйіндегі әлеуметтік бейимдеу орталығына алып барып, соткамды сөндіріп, алып қойды. Кейін хаттаманы толтырып болган сон гана берди. Ягни Сарбазов Имаш пен Алимов Марат секилди қызметкерлерініз менин Конституциялық бостандығыма қол сұқты. Мен сонау Қызылодадан келип окып жатырмын, туган туысканым, аке шешем сонда. Менде, жатақханада тұратын студентте айыппұл төлейтін 9260 тенге кайдан гана болсын. Сизден менин жағдайымды түсініп, кешіруіңізді сұраймын. Себебі мен "ЖАСЫЛ" жанып тұрғанда өтті жолды.
Жауап көрсетілсін
Автор: село тұрғыны 10.03.2014
Саламатсызба Маткенов мырза.09.03.2014жылы сағат шамамен 15.30 да аралығында Торғай селосында Дүзеновпен Нұрхан көшесі қиылысында аудандық ішкі істер бөлімібасшысының орынбасары Оспанов Шыңғыс Сабитбекұлы ішімдікке сылқия тойып алып өзінің жеке ауди маркасы Р127 автокөлігімен жолкөлік апатын жасады, осыны басшылыққа алып тексеріс ұйымдастыруыңызды сұраймын бұл істі жабулы қазан жабулы күйінде қалмауын қадағалауыңызды, және жоғарыда аталған көлікті тексеруіңізді, оған болмаса Дүзенов көшесі мен Алтынсары көшесі қыйылысында бағанада камера орналасқан соны тексеруіңізді өшіріп тастамаса (09.03.2014ж.15:30 бен 16:30 аралықта болған оқиға)Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы полковник Сыздықов Мұрат Рахымжановичтың өзінің жеке жип автокөлігімен ауыл көшелерінде қолына камера ұстап ерсілі қарсылы қарапайым халықты мазалап жүр, сізден өтінерім осы жоғарыда аталған іс әрекеттер полковник Сыздықов Мұрат Рахымжановичтің міндетіне жатама, сыртынан қарап тұрсаңыз сотывый телефонды жаңадан алып берген бала құсап көшеде көрінген көлікке жүгіріп жүр, жоғарыда аталған іс әркеттерді қарапайым ауыл тұрғыны жасаған болса жерден жеті қояан тапқандай берекесін алар еді, бұны айтып отырған себебім әділдік табамба деген мақсатпен сізге өтініш білдіріп отырмын.
Жауап көрсетілсін
Автор: Нажмаддинова Набира Сламаддиновна 15.05.2014
Менің сізге қояр сұрағым:22 сәуір 2014 жылы Еңбек министрі Тамара ханымның хабарламасынан кейін Қарағанды облысы шахтинскіге көшіп келіп едім.енді Шахтинск көші-қоны бізді тек қана уақытынша пропискіге қойды,тұрғылықты етіп қабылдамаймыз деді.Еңбек министрінің хабарламасы жай ғана бос сөз деп отыр. сонда мен 2 балам, жолдасыммен қайда баратынымды білмей отырмын. Сізге хабарласып отырғаным Қостанай облысы Рудный қаласына бармақшы болып, көші-қонға хабарласып едім.Ондағылар көшу қағазыңда міндетті түрде Рудный деп жазылмаса қабылдамаймыз деп отыр.Сонда қағазда Қазақстан Республикасы деп көрсетіліп тұр ғой.Тек қана облысы басқа деп тұрғаны үшін қабылдамай отырғаны ма сонда? Сонда мен ол қағазды өзгерту үшін бала-шағаммен қайтадан Өзбекстанға қайтуым керек пе?Тамара Дүйсенованың айтқанын есітіп келген едік.Сізден өтіп сұрарымыз, жауап беруіңізді өтінеміз!
Жауап көрсетілсін
Автор: Омаров Темирбек Калыкович 20.02.2014
Сәлеметсізбе!Мен Омаров Темірбек Қостанай облысы Арқалық қаласының,Ш.Жәнібек көшесі 85 үй,64 пәтер тұрғыны.Менің қызым Темірбек Гауһар 1994 ж туған 2010 жылдың 22 желтоқсан айында қайтыс болды.Арқалық қаласының ішкі істер бөлімі,баланың өліміне қатысты дәрігерлердің кінәсін дәлелдеген емес.Мен 2014 жылдың 6 ақпан айында Арқалық қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Жанғылышов Т.К. мырзаның осы мәселемен қабылдауында болғанымда ,ол кісі маған менің баламның өліміне кінәлі дәрігерлердің ісін жүргізіп жатқан тергеушілерді шақырып алып солардың көзінше осы жылдың 20 ақпанға дейін қорытынды шығады деп сендіріп коя берді.Бүгін міне 20 ақпан ішкі істер бөліміне барып едім,мені Жанғылышов Т.К. қабылдаған жоқ.Арқалық қалалық ішкі істер бөліміне 2013 жылдың 30 наурыз айында өтініш жазған едім,бірақ осы күнге дейін ешқандай қорытынды шыққан жоқ.Сізден сұрарым,осы өтінішімді жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!Рахмет!
Жауап көрсетілсін
Автор: Утегенов Медет Утегенұлы 21.02.2014
Салеметсәзбе құрметті Тілеген Советұлы менің есімім Утегенов Медет Утегенұлы Қостанай обл, Аманкелді ауданы, Аманкелді ауылының тұрғынымын. Әкем Аманкелді ауданының ІІБ - нің зинеткері, есімі Тулкибаев Утеген Райымбекович. Сізге қояр сауалым 2012 жылы Арқалық қаласының ІІБ - нің тергеу бөлімінде 3 ай тажірибелік мерзімінен өтіп Қостанай өаласының ІІД - не барып тестілеуден ңөтелмай қалған болатынмын, 2014 жылы Жанкелді ауданының ІІБ - нің анықтау бөліміне жұмысқа тапсырдым маған қойылған барлық талаптармен тестілеуді жақсы тапсырып шығып соңында құрылған камисияның алдына барғанда менің 2005 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 336 бабымен ұсталғаным жөнінде айтып құрылған камисия өткізбей тастады, нақты айтарым менің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаныма 9 жыл өтседе кедергі келтіргені ме осы сауалыма жауапберуіңізді өтінемін
Жауап көрсетілсін
Автор: Хазез Халами 12.08.2013
Құрметті Тілеген Советұлы сіздің басқармада басқа облыстағылар сияқты мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бар ма? Ол бөлімге білікті кадрлар қажет емес пе?
Жауап көрсетілсін
Автор: Альменова Эльмира Сериковна 22.08.2013
Салеметсиз бе Тлеген Советович.менде мынадай жагдай менин кол сумкамды костанай вокзалында урлап кетти,колымда 10айлык кишкентайым бар еди. сумкамда акша жане барлык кужаттар бар еди. жолдасым улкен кызыммен уйде калган, мен полиция кызметкерлерине хабарладым олар издеу салудын орнына меним жолдасымды тергеуге алып жатыр. ол жумыс сапарымен баска ауданга кетседе оны издеуге салып мазасын алады.мен енди сумканы издеуден бас татуым керек пе?
Жауап көрсетілсін
Автор: Калхожаев Нургали Жандарбекович 30.08.2013
Саулығыңзды тілеймін полковниг мырза! ҚР-сының Ішкі істер министірлігінің заң колледждерін бітірген қызметкерлер мойор шенін алуға болама?
Жауап көрсетілсін
Автор: Сартов Алмас Ахылбекович 30.12.2013
Егер тендау пан биология болса неболады.
Жауап көрсетілсін
Автор: Сартов Алмас Ахылбекович 30.12.2013
Бесінші пән биология болса оқуға түсуге болама?
Жауап көрсетілсін
Автор: Қиысхан Қыдырбек 15.01.2014
Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, есірткі сақтап, саудалады деп айыпталған 6 адам мен оларға сыбайлас болды, қызметін асыра пайдаланды, қылмыстық топтың көлеңкелі бизнесін қалқалап, сыйақы алды деген айыппен облыстық ІІД-нің 10 бірдей бұрынғы қызметкеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Қаңтардың 20 күні сот үкімі жарияланбақ. Егер жоғарыда аталған айыпталушы полиция өкілдері сот үкімімен жазаға кесіліп жатса, Сіз өз еркіңізбен отставкаға кету туралы шешім қабылдайсыз ба?
Жауап көрсетілсін
Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы