Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі істер органдарында заңдылықты нығайту бойынша жұмысты қарқындату мақсатында 1995 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 502-18қ “ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментін құру туралы” қаулысы шықты.
Осы қаулымен Ішкі істер министрлігі құрылымында Өзіндік қауіпсіздік департаменті құрылды. Облыс ІІББ-ІІБ құрылымдарында тиісінше өзіндік қауіпсіздік бөлімдері құрылды.
2003 жылғы желтоқсанда ІІМ жүйесіндегі ішкі қауіпсіздік бөліністерінің қызметіне жүргізілген функционалдық талдау, бар басқарма құрылымдарын, жұмыс әдістерін және қызмет мәселелерінің басымдылығын анықтауды жетілдіруді қайта құрудың қажет екендігін белгілеп өтті. Осыған байланысты, 2004 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ № 41 бұйрығымен Өзіндік қауіпсіздік департаменті және жергілікті Өзіндік қауіпсіздік басқармалары (бөлімдері) жаңа Ережелері бекітілді.
Қызметті ұйымдастыру да өзгеріске ұшырады: Департамент Ішкі істер министріне бағынатын және оның есебіндегі Қазақстан Республикасы ІІМ жедел-тергеу бөлінісінің дербес құрылымы болып табылады. Өзіндік қауіпсіздік басқармалары (бөліністері), (К)ІІД ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қарамағында.
Басымдылығы да өзгерді. Департаменттің дәстүрлі басым мәселелерімен қатар (азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау; полиция қызметкерлері жасаған қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, тергеу), қызметтік әдептілікті сақтау, полиция қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің намысын, абыройын қорғау және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету қызметтің жаңа бағыттары болып табылады.
Қазіргі уақытта ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция майоры Ақбердиев Жарасхан Бахтиярұлы.
Қостанай облысының ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
Қостанай қ., Баймағамбетов көш., 197
ІІД ӨҚБ сенім телефоны 54-42-47
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті
010000, Астана қ., Манас көш., 4
ІІМ ӨҚД сенім телефоны: (8-717-2) 722-493
Жалпы мәліметтер
Қостанай облысының ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – ІІД ӨҚБ) құрылымдық дербес жедел-тергеу бөлінісі болып табылады.
ІІД ӨҚБ Қазақстан Республикасы ІІМ ӨҚД бастығына бағынышты және есеп береді.
Өз қызметінде ӨҚБ Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы”, “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа заңдары және нормативті құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтары мен нұсқауларын және ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы, Қостанай облысының ІІД ӨҚБ туралы Ережелерін басшылыққа алады.
ӨҚБ қызметі ІІО өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және заңдылық, адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу, сонымен қатар жедел-іздестіру қызметінде жасырын әрекеттер, ашық және жабық әдістер принциптерімен негізделеді.
ӨҚБ өз жұмысын ІІО бөлімшелерімен құқық қорғау, арнайы және елдің басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып жүргізеді.
ӨҚБ негізгі міндеттері:
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
қызметкерлер жасаған немесе олар дайындап жатқан қылмысты, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты анықтау, жолын кесу, ашу сондай-ақ олардың заңға қайшы және тыйым салынған іс-әрекеттерінің жолын кесу;
сыбайлас жемқорлыққа жататын құқық бұзушылықты, есірткі саудасымен, жезөкшелікпен және өзге де қоғамға жат, заңға қарсы іспен айналысатындарға полиция қызметкерлері тарапынан қолдау жасау фактілерін анықтау және жолын кесу;
мемлекеттік немесе қызметтік құпияның жедел-қызметтік деректердің жайылу жолдарын әшкерелеу және жолын кесу;
заңға қарсы мақсатты ұстанған-көздеген тұлғалардың Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына еніп кетуіне жол бермеу;
Ішкі істер органдары қызметкерлерін және олардың жанұя мүшелерін мемлекет тарапынан қорғауды қамтамасыз ету.
Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары және бөліністерінің жеке құрамы ішінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсету бойынша кешенді ұйымдық және практикалық шаралар жүргізеді.
2010 жылғы 17 наурызда ІІМ басшылығы Астана, Алматы қалалары және облыстық ІІД басшыларымен ішкі істер органдарында 2 ай ішіндегі тәртіп пен заңдылық мәселесі бойынша селекторлық бейнекеңес өткізіп, қылмыстың ахуалды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресті жақсарту жөнінде нұсқау берілді.
Жеке құрам ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және алдын алу үшін облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы биылғы жылдың 5 айында 76 арнайы және жедел-профилактикалық іс-шара жүргізе отырып, 3 қылмыс соның ішінде 2 сыбайлас жемқорлық, 55 әртүрлі құқық бұзу, соның ішінде 5 сыбайластыққа жататын құқық бұзушылық анықтады.
2010 жылғы 1 наурызда Қостанай облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып ІІД ӨҚБ қызметкерлері Қостанай қаласында қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін азамат Х-дан 50 (елу) мың теңге алу үстінде Қарасу АІІБ бастығының орынбасары Д. қолға түсірді. ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлімі “а, б” тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.