Универсалды полицейлер нәтижелі жұмыс істейдіме? – Қостанай облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Ердаулет Махмұтовтың өткізген екінші ғаламтор – конференциясы бұл сұрақ саны бойынша шегінде бірінші сұрақ болып қойылды.... толығырақ
Қостанай облысы ІІД мемлекеттік күзет қызмет бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрмұханбет Сейітжанов облыс тұрғындарына интернет-конференция өту барысында тонаушылар мен ұрылардан өз мүліктерін қалай сақтап қалу туралы айтып берді.Конференция... толығырақ
Интернет жүйесінің көмегімен азаматтарды қабылдау өтті. Республика бойынша алғаш рет Қостанай облысы ІІД бірден екі форматта: шынайы және виртуалды қатынаста азаматтарды қабылдады. Осындай қатынас түрімен тәртіп сақшылары барлық облыс аумағын... толығырақ
Қостанай облысы ІІД-де өткен интернет-конференция барысында аталған қылмыс туралы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Александр ПОРОХОВОЙ хабарлады. Полиция подполковнигі on–line режимінде www.kostanaypolice.Kz сайтын пайдаланушыларының сұрақ-сауалдарына... толығырақ
ІІД ӨҚБ бастығы бір сағат аралығында он-лайн режимінде интернет-қолданушылардың сұрақтарына жауап берді. Полицей қызметкерлердің қатарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты және оларға шара қолдану мәселесі тұрғындарды қызықтырды. Сонымен... толығырақ
Қостанай облысы ІІД полицейлері оn-line режимінде «Учаске» жедел – профилактикалық іс- шарасының қорытындылары туралы айтып өтті. Нақты уақыт тәртібінде жүргізілген конференциясының аясында Әкімшілік полиция басқармасының басшылығынан қойылған... толығырақ
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы Ел басының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында көтерген мәселесі өзінің мәресіне жетті. Аттестаттау қортындысы бойынша Қостанай облысы ІІД кадр жұмысы басқармасы... толығырақ
Автор: «Наша Газета»
17.10.2012
Сәлеметсіз бе! аттестаттау қортындысы бойынша Республикадағы басқа департаменттерімен салыстырғанда Қостанай облысы ІІД жағдайы қалай?
Әзірге Республика бойынша жалпы қортынды жоқ. Алдағы уақытта облыс бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша да кезектен тыс аттестаттаудың қортындысы міндетті түрде БАҚ-да жарияланатын болады.
Автор: «Наша Газета»
17.10.2012
Сәлеметсізбе! Биылғы жылдың қыркүйек айында Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Меңдіқара АІІБ қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатырмыз деген желеумен қой ұрлығына қатысты арызды қабылдамағаны туралы пресс-релиз таратты. Осы қызметкерлер жауапкершілікке тартылды ма?
Қостанай облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталмыш жағдайға қатысты ҚР ҚК 363-1 бабының 1 бөлігі бойынша «Қылмысты жасыру» қылмыстық іс қозғады. Бұл күндері тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор: Жасұлан
17.10.2012
Сәлеметсізбе! аттестаттау қортындысы барлық қызметкерлердің көңілінен шықты ма?
Кезектен тыс аттестаттау қортындысынан көруге болады. Барлығы 3085 полиция қызметкері сұхбаттасудан өтті. Облыстың 168 полицейі жоғары лауазымға жоғарлатуға, 248 қызметкер қызметтен шығаруға жатады, 23 қызметкер әр түрлі себептермен ІІО-н босатуға өтініш білдіріп, сұхбаттасудан бас тартты. Нәтижесінде 2402 полиция қызметкері қызметтеріне лайықты деп танылды, 243 қызметкер лайықты емес, оның 93 қызметінде төмендетіліп, 150 қызметкер басқа қызметке ауыстырылсын деген ұйғарым жасалды. Аттестаттаудан ойдағыдай өткен қызметкерлер (заңнаманы білу, күш және әскери дайындық, психологиялық сәйкестік) әрине сұхбаттасудан да сүрінбей өтті.